20:06, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Биыл күзге қарай «Қазтьюб-тің» тұжырымдамасы өзгертілетін болады ? Қ. Есекеев
АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ақпараттандыру және байланыс агенттігі биыл күзге қарай «Қазтьюб-тің» тұжырымдамасын өзгертуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен www.bnews.kz бизнес порталында өткен интернет конференцияда аталмыш агенттіктің төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Осы жылғы қыркүйектің 1-не қарай «Қазтьюб-тің» тұжырымдамасы өзгертілетін болады. Себебі интернет технологияның идеологиясы өздігінен қандай да бір «квадратқа» сыймайды және ол әрқашан аморфты және жұмыр болып келеді. Сондықтан да «Интернет» туралы заң көп талқыланып жатыр», деді Қ. Есеккев.Оның айтуынша, «Қазтьюб-тің» тұжырымдамасымен қоса дизайны да өзгертіледі. «Гугл жыл сайын өзгеріп отырады, аудиторияны тарту үшін біз де өзгеретін боламыз. Порталдың мазмұны жайлы айтсақ, біз жыл соңына дейін креативтің қандай да бір басқа нұсқасын таңдайтын шығармыз. Оны біз аталмыш ресурсқа тартып, таяудағы жарты жылда бірнеше қызықты форматты қалыптастырамыз», деді ол. Сөз арасында Қ. Есекеев «Қазтьюб-ті» іске қосу үшін салық төлеушілердің қаржысы салынбағанын, оған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясының қаржысы жұмсалғанын атап өтті. Жұмыстың ауқымы шамамен 16 млн теңгені құраған.