Биыл мамыр айында азық-түлік тауарларының бағасы былтырғы мамырмен салыстырғанда 7,8 пайызға өсті

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде 2009 жылдың мамырында азық-түлік тауарларының бағасы 2008 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 7,8 пайызға өсті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.Агенттіктің мәліметінше, биыл мамырда былтырғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда баға жармаға 7 пайыз, сүт өнімдеріне ? 8,3 пайыз, жемістер мен көкөністерге ? 8,7 пайыз, кондитерлік өнімдерге ? 9,4 пайыз, алкогольсіз сусындарға ? 16,4 пайызға өскен. Нан бағасы 0,4 пайыз, ұн ? 4,8 пайыз, жұмыртқа ? 9,2 пайыз, күнбағыс майы ? 32,6 пайызға төмендеген. Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 7,9 пайызды құраған. Шошқа етінің бағасы 18,2 пайыз, шұжық өнімдерінікі - 13,2 пайыз, жылқы еті ? 6 пайыз, қой еті ? 3,7 пайызға жоғарылаған.
Соңғы жаңалықтар
Референдум