Биыл мас болып рульге отырған 8 атыраулық сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында биылғы екі айда мас күйде көлік жүргізген 8 адам сотталды. Оның 2-еуінің бас бостандығы шектеліп, 6-ауы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Атырау облысы прокурорының орынбасары Нұржан Серікұлының айтуынша, көлікті мас күйде жүргізгендер жол қозғалысының барлық қатысушысына қауіп төндіреді.

«Көлікті мас күйінде жүгізгендерге қолданылатын жаза 2020 жыл басынан қатаңдатылды. Заңға енгізілген мұндай өзгеріс өз нәтиже берді. Бірақ, осындай деректер әлі толық жойылған жоқ. Мәселен, биылғы жылдың екі айында Атырау облысында ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1 және 346-бабымен 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның екеуінің бас бостандығы шектелді. Ал 6 жүргізуші бас бостандығынан айырылды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда құқық бұзушылық динамикасы 34% артты», - дейді Нұржан Серікұлы.

Өңірде мас жүргізушінің бірі ауыр жол-көлік оқиғасына себепкер болған. Ол жәбірленушінің көлігіне соғылған. Сот мас жүргізушіні кінәлі деп танып, оны көлік жүргізу құқығынан 5 жылға, бас бостандығынан 6 айға айырды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жол апатынан жүргізуші оқиға орнында, бір жолаушы ауруханада көз жұмғанын хабарлаған едік.

Кейін КамАЗ-ға соғылған LADA жүргізушісі мен оның үш жолаушысы ауруханаға түсті.


Соңғы жаңалықтар