Биыл мектеп бітіруші түлектердің 108 576-сы немесе 82 пайызы ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр ? Ж. Түймебаев

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – Биыл республикамыз бойынша 132 461 оқушы мектеп бітіреді. Оның 108 576-сы немесе 82 пайызы тест тапсыруға ниет білдіріп отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бүгінгі күні ұлттық бірыңғай тестілеуді елімізде ұйымдасқан түрде өткізу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Республика бойынша 154 ұлттық бірыңғай тестілеу пункттері құрылды. Оның 49-ы қалада, 105-і ауылдық жерлерде орналасқан. Биылғы түлектердің 65 184-і қазақ мектептерін, 43 392-сі орыс мектептерін бітірушілер. 2 939 түлек «Алтын белгіден» үміткер», - деді отырыста Ж. Түймебаев. Оның айтуынша, ұлттық бірыңғай тестілеу өткізетін барлық 154 пунктте мемлекеттік комиссиялар құрылған. Мемлекеттік комиссиялардың құрамында мәслихаттардың, әкімдіктердің, оқу орындарының, облыстық және аудандық білім беру басқармаларының басшылары, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, жастар ұйымдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Комиссиялардың құрамы 11 адамнан тұрады. «Білім және ғылым министрлігі жұмыс тобын құрып, өткен жылдардағы ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде орын алған проблемаларды сараптамадан өткізді», - деді Ж. Түймебаев.
Соңғы жаңалықтар