Биыл мектеп бітірушілердің 72 пайызы ҰБТ тапсыруға ниет білдірді

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 25 сәуірде осы жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысу үшін өтініш қабылдау жұмыстары аяқталды, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығынан.
None
None

Өтініш қабылдау барысында ағымдағы жылғы ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірген барлық мектеп бітірушілерге және олардың ата-аналарына арнайы жадынамалар берілді. Аталған жадынамаларда ҰБТ-ны ұйымдастыру, өткізу бойынша негізгі кезеңдер мен мерзімдері және сонымен қатар білім беру гранттарын тағайындау конкурсы туралы қысқаша ақпараттар келтірілген.

Қалыптастырылған «Бітіруші» деректер базасына сәйкес, ағымдағы жылы ҰБТ-ға қатысуға 99560 мектеп бітіруші тілек білдірді. Бұл мектеп бітірушілердің жалпы санының 72 пайызын құрайды, оның ішінде 68315 қазақ тілінде, 31245 орыс тілінде тест тапсырмақ.

«Бітіруші» деректер базасын қалыптастыру нәтижелерінің негізінде жақын арада Ұлттық тестілеу орталығында тестілеу күндері мен ҰБТ өткізу пункттері бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кестесі жасалып, тестілеуді өткізу үшін қажетті емтихан материалдарын дайындау жұмыстары жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар