Биыл мемлекет 320 мыңнан астам адамға жұмысқа орналасуға көмектеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл жұмысқа тұру бойынша мемлекеттік қолдау 320 мыңнан астам адамды қамтиды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов мәлім етті.

Биыл мемлекет 320 мыңнан астам адамға жұмысқа орналасуға көмектеседі

«2015 жылы жұмыспен қамту шараларымен 323 мың адамды немесе жұмыссыздар (458 мың адам) және тиімсіз жұмыспен қамтылғандардың (721 мың адам) жалпы санының 27 пайызын қамту жоспарланған. Мақсатты топтар бойынша жұмыспен қамту шараларымен тиімсіз жұмыспен қамтылғандардың 12,7 пайызы және жұмыссыздардың 50,3 пайызы қамтылады», - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, қолдау шаралары мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясындағы («Нұрлы жол», «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», Өңірлерді дамыту бағдарламасы және т.б.) қарастырылды.