Биыл мұнайдың орташа жылдық бағасының болжамы баррелі үшін 58 долларға ұлғайтылды

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ағымдағы жылы мұнайдың орташа жылдық бағасының болжамы баррелі үшін 58 долларға ұлғайтылды.

Биыл мұнайдың орташа жылдық бағасының болжамы баррелі үшін 58 долларға ұлғайтылды

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Әлемдік тауар нарығында мұнай, металл бағаларының өсуі байқалады. 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Brent мұнайының әлемдік бағасы орташа алғанда 57,49 АҚШ долларын құрады. Мұнайдың болжамды бағасын ескере отырып, мұнайдың әлемдік бағасы 40 доллардан 58 долларға  дейін ұлғайтылды», деді отырыста Б. Сұлтанов.

 Оның айтуынша, елімізде 2009 жылы мұнайды өндіру көлемі бағалау бойынша 75,77 млн. тонна болады. Бұл 2008 жылы өндірілген мұнай көлемінен 7.3 пайызға жоғары.