Биыл мұсылмандар Мәуліт мерекесін 2 рет тойлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жыл мұсылмандар қауымына ерекше сый тартпақ, деп жазады muslim.kz.
Бұндай жағдай тек 33 жылда бір рет қана орын алады. Мұхаммед пайғамбарымыздың туылған күні - Мәуліт мерекесін биыл мұсылмандар екі мәрте тойлайтын болады: 3 қаңтар күні және 24 желтоқсан күні.
Астрономдардың зерттеуі бойынша, Хижра күнтізбесі кәдімгі жыл санауынан 11 күнге кем түседі. Сол себепті биыл Мәуліт мерекесі жыл соңында тағы қайталанбақшы.
Бұндай жағдай соңғы рет 1982 жылы болған еді. Ендігі қайталанатын уақыты 2047 жыл болмақ.