Биыл ОҚО-да 521 егіз нәресте дүниеге келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылдың сегіз айында Оңтүстік Қазақстан облысында 53051 нәресте дүние есігін ашты, оның 521-і егіз болса, төртеуі - үшем.
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Айта кетейік, Қазақстандағы әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстанда өмірге келеді. Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейін денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды арттыру есебінен жаңа медициналық мекемелер салынды.
Материалдық-техникалық жабдықтау жақсарды. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда орнатылған. Осының нәтижесінде, өңірде ана мен бала өлімі азайып, туу көрсеткіші артып келеді.
Өткен жылдың сәйкес кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысында 52636 сәби дүние есігін ашты.