22:06, 03 Маусым 2020 | GMT +5
Биыл өңірлерде 10 млрд теңгеге 1370 жаңа автобус сатып алынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта ел бойынша қалалық автобус бағыттарында шамамен 10,5 мыңдай автобус жүр. Оның 43%, яғни 4,5 мыңдай автобустың шығарылған жылы 7 жылдан асып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, өңірлерде автобус паркін жаңарту мақсатында өткен екі жылда республикалық бюджеттен 33,5 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатқа өңірлерде Қазақстанда шығарылған 693 автобус сатып алынды.
Ал биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 10 млрд теңге қаралған. Оған өңірлер 1370 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.
2020 жылдан бастап әлеуметтік маңызды бағыттарда қызмет ететін тасымалдаушылар қосымша құн салығын төлеуден 3 жылға босатылады.
Бұл шаралар жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.