Биыл өңірлерге қанша дәрігер жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердегі медициналық кадр тапшылығын шешу үшін не істеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл өңірлерге қанша дәрігер жіберілді

«Денсаулық сақтау министрлігінің білім және ғылым ұйымдары түлектерін алдын ала бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен тапшылықты төмендету мақсатында жыл басынан бері өңірлерге білім және ғылым ұйымдарының 3 339 түлегі бөлінді, оның 911-і ауылдарға барады», - деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомствоның нақтылауынша, дәрігерлер мамандықтары бойынша былай бөлінді: жалпы тәжірибе дәрігері – 1 904, қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері – 204, инфекционист – 54, анестезиолог-реаниматолог – 195, хирург – 16, онколог – 50, пульмонолог – 15, педиатор – 76, терапевт – 32, неонотолог – 40.

«Өңірлерге кадр тарту мақсатында резидентурада мамандар дайындау үшін мемлекеттік білім тапсырысы орналастырылды. 2023 жылы 2 292 резидент оқуға түседі деп күтіледі», - деді министрліктен.


жағажай
Ұқсас жаңалықтар

Алматыда суға түсуге тыйым салынған су айдындары аталды