Биыл онкологиялық ауруларға жәрдем саласына 10 млрд. теңге бөлініп отыр

  АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы онкологиялық ауруларға жәрдем саласына 10 млрд. теңгеден астам қаражат бөлініп отыр.
None
None

Бүгін Мәжілістің «Нұр Отан» ХДП фракциясы  жанындағы Әлеуметтік кеңестің отырысында «Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамыту туралы» бағдарлама жобасын талқылау барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов осылай мәлім етті.  

«Бағдарламаны әзірлеу барысында біз онкологиялық ауруларға жәрдем беру жүйесіндегі әлемдік тәжірибелерді зерделеп шықтық.  Бүгінгі күні біздің елімізде жыл сайын 30 мыңнан астам адам қатерлі ісік ауруымен ауырады. 144 мыңнан астамы диспансерлік есепте тұр. Күн сайын осы ауруға қатысты 8 жағдай тіркеледі», - дейді Е. Байжүнісов. Оның айтуынша, бүгінгі күні еліміздегі жалпы онкологиялық ауруларға қатысты басты мәселе - дертті ерте бастан анықтау деңгейі. Сонымен қатар, кеңес одағынан кейінгі жылдары онкологиялық ауруларға қатысты база сақталып қалғанын айтқан вице-министр, соңғы жылдары ғана бұл бағытқа ерекше назар аударыла бастағанын атап өтті. Мәселен, биыл стационарлық және амбулаториялық емдеуге қатысты толықтай дәрі-дәрмекпен қамтылған. «Егер 2004 жылы онкологиялық қызмет бар-жоғы 830 млн. теңгеге қаржыландырылған болса, 2012 жылы осы бағыттағы қаражат мөлшері 10 млрд. теңгеден асады», - дейді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар