Биыл «Отау ТВ» абоненттерінің саны 700 мыңға жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы «Отау ТВ» телеарнасының абоненттер саны 700 мыңға жетеді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Биыл «Отау ТВ» абоненттерінің саны 700 мыңға жетеді

Осыдан 3 жыл бұрын көпшіліктің назарына жол тартқан ұлттық телерадио хабарларын тарату жүйесінің қызметін осы уақытқа дейін 540 мың отбасы пайдаланды. Ал бұл 2 миллионға жуық қазақстандық деген сөз. Бастапқы кезде жобаның абоненттер саны 6 мың отбасынан да аспаған еді. Жоба, әсіресе, ел халқының шамамен 70 пайызын құрайтын ауыл тұрғындары арасында зор сұранысқа ие болды. Бүгінде бұған дейін отандық телеарналарды тамашалауға мүмкіндігі болмаған республиканың шалғайында орналасқан 550 елді мекеннің тұрғындары, шамамен 32 мың отбасы «Отау ТВ»-ға қосылған. Жоба ел халқына отандық 38 телеарнаны тегін тамашалап, 7 радионы тыңдауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ абонент қалауы бойынша қолжетімді баға ақылы телеарналарды да қостыра алады.