Биыл Павлодар облысындағы егіс алқаптарының көлемі 49 мың гектарға артады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Павлодар облысындағы егіс алқаптарының көлемі 49 мың гектарға артып, 1 193,8 мың гектарға жетеді. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қатысқан аппарат кеңесінде облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Сержан Қалиақпаров мәлім етті.

Сержан Қалиақпаровтың айтуынша, облыс бойынша көктемгі егіс жұмыстарына 15 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Операторлардың қызметін есепке алғанда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін жағармай құны литріне - 82 теңге. Бұл нарықтағы бағадан 17 пайызға төмен.

«ҚазАгро» АҚ-ың құрылымдық бөлімшелері өңірдің ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне 1,2 млрд теңге көлемінде қаражат бөліп отыр.

Қазіргі уақытта техника паркінің дайындығы 92 пайызды, ауыл шаруашылығы құралдарының дайындығы 90 пайызды құрады. Көктемгі егіс науқанына 128 егіс кешендері қатысады.

Аймақ басшысы облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы мен «КазАгро» АҚ-ың құрылымдық бөлімшелеріне көктемгі егіс жұмыстарына несие беруді қамтамасыз етуді, қалалар мен аудандардың әкімдеріне, ауыл шаруашылығы басқармасына - арзандатылған дизель отынын берілген уақытында тасымалдануын жүргізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар
telegram