Биыл Павлодарда жылу мерзімінен бұрын берілуі мүмкін
Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында облыс әкімінің есеп беруінен кейін депутаты Владимир Берковский өңір басшысына ұсыныс жасады.
«Күз - суық мезгіл. Пәтерлерге жылу кеш беріледі. Вирусологтардың болжамы бойынша, суық тию салдары күзде қайта өршитін COVID-19 инфекцясын ушықтыра түседі. Сондықтан мерзімінен бұрын пәтерлерді жылумен қамтамасыз етуді ұсынамын», - деді Владимир Берковский.
Әбілқайыр Сқақов бұл мәселе аудандық және қалалық ауруханаларда қарастырылып жатқанын жеткізді.
«Бізде екі мәселе бар, олардың бірі – ерте жылу беру. Қазір ауқымды жөндеу жүріп жатыр. Қала және аудан әкімдері бұл мәселені бірінші кезектегі күн тәртібінде ұстайды. Сонымен қатар, біз эпиджағдай нашарлаған жағдайда ерте дайындық жоспары шеңберінде жоспар әзірледік. Онда төсек-орындар ашудың барлық кезеңдері мен эшелондары нақты жазылған. Барлық ескертулерді ескереміз», - деді Әбілқайыр Сқақов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін павлодарлық көпқабатты үйлердің біразы ыстық сусыз қалған. Өйткені 17 – 23 тамыз аралығында гидравлика сынағы өткізіліп жатыр.