Биыл пітір садақа 535 теңге болып бекітілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат — Биыл пітір садақасы 535 теңге болып бекітілді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақасы мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен беруге болады», - деді Бас мүфти.

Оның атап өтуінше, шариғатымыз бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз.

«Алайда, жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы жарамайтын адамдар дертінің асқынуынан қауіптенсе ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғатымыз рұқсат береді. Сондай-ақ жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге де уақытша ораза ұстамауға болады», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске салсақ биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қасиетті Қадір түні - 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түн. Ал 21 сәуір - Ораза айттың бірінші күні.


Соңғы жаңалықтар
telegram