Биыл Ресейде баспана бағасы күрт арзандап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың басынан Ресейде жылжымайтын мүлік арзандап жатыр. Пәтерлер, қаланың сыртындағы үйлер және жер телімдерінің бағасы екінші жартыжылдықта тағы кем дегенде 25% төмендеуі мүмкін.

 Биыл Ресейде баспана бағасы күрт арзандап жатыр

Бұл туралы сарапшыларға сілтеме жасап «Российская газета» хабарлады.

Басылым жазғандай, құрылысшылар сату үшін жеңілдіктер маусымын ашты. Алайда мамандардың пікірінше, баспананы сатып алуға асықпаған жөн. Өйткені 2015 жылдың соңына қарай тұрғын үй тағы да арзандай түседі.