Биыл республикалық маңызы бар автожолдардың 5,8 мың шақырымы ақылы болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында биылғы жылы республикалық маңызы бар автожолдардың 5,8 мың шақырымын ақылы ету жұмыстары кезең-кезеңмен енгізілмек.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Аталған жүйені биыл маусым айында іске қосу жоспарланған болатын.
Алайда, тасымалдаушылар тарапынан көптеген наразылықтар болды. Олардың негізгі талабы – жолдардың жағдайын қалыпқа келтіру болғандықтан, ақылы жүйене енгізу кейінге шегерілді.
Осы уақыт ішінде Автомобиль жолдары комитетінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК қызметкерлері, Көлік комитетінің көліктік бақылау инспекциясы учаскелерде комиссиялық тексеруді жүзеге асырды.
Оның қорытындысы бойынша бірқатар іс-шаралар айқындалып, жабындыны нормативтік жағдайға келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Ұзындығы 5,8 мың шақырым болатын учаскелерде ақылы жүйені кезең-кезеңмен енгізу жоспары әзірленді:
- 1-кезеңде, яғни биылғы жылдың 15 қарашасында ақылы жүйе жалпы ұзындығы 1,8 мың шақырым болатын, 4 жолақты қозғалысы бар бірінші санаттағы республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде енгізілетін болады. Бұл келесідей учаскелер:
- «Нұр-Сұлтан – Павлодар»;
- «Қапшағай – Талдықорган»;
- «Тараз – Қайнар»;
- «Шымкент – Тараз»;
- «Шымкент – Қызылорда»;
- «Шымкент – Ташкент»;
- «Щучинск – Көкшетау».