Биыл «Самғау» журналистер байқауының жүлде қоры ұлғайды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің журналистер арасындағы «Самғау» байқауы биыл да ұйымдастырылады. Байқауға жаңа номинациялар қосылып, жүлде қоры да еселенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл «Самғау» журналистер байқауының жүлде қоры ұлғайды

«2017 жылы алғаш ұйымдастырылған додаға 7 номинация бойынша 21 адам жеңімпаз атанды. Биыл тағы 4 номинация қосылып, жүлде қоры 8 млн теңгеден асты», - дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев.

Тақырыптық жағына келер болсақ, «Цифрлы Қазақстан», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары, Астана қаласының 20 жылдығы және Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы басты назарда болмақ.