Биыл Сарышаған полигонының тәжірибелік сынама базасын жаңғырту аяқталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарышаған полигонындағы тәжірибелік сынама базасына тиісті заманауи жабдықтар жеткізілді. Қазір жинақтау және өлшеуіш құралдарын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Биыл Сарышаған полигонының тәжірибелік сынама базасын жаңғырту аяқталады

Сонымен қатар, 2016 жылы «Неман-П» тәжірибелік сынама радиолокациялық стансаны жаңғырту аяқталады. Ол стансаның жұмыс аралығын арттыруға және ақпараттық мүмкіндіктерді кеңейтуге, пайдалану мерзімін ұлғайтуға , сондай-ақ сапасын көтеруге бағытталған.

Полигонда жерде орналасқан «Берет-М» талшықтық-электрондық жүйе кешендері, «ОЭС ТИК» траекториялық-өлшеуіш кешенінің талшықтық-электрондық стансалары, «Сажень-ТМ» талшықтық-электрондық стансалары, АП-4 антенна кешендері, заманауи қабылдау-тіркеу стансалары және біріңғай уақыт жүйесінің аппаратурасы орналасқан, деп хабарлайды РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі және ақпарат басқармасынан.