Биыл сәуір-шілде айларында оңтүстік өңірде құрғақшылық болуы мүмкін ? жұлдызшы Назарбек Қожамсейіт

АЛМАТЫ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Биыл диқандар егін жұмыстарын ерте көктемде бастамаса, сәуір-шілде айларында ылғал аз болады,

Биыл сәуір-шілде айларында оңтүстік өңірде құрғақшылық болуы мүмкін ? жұлдызшы Назарбек Қожамсейіт
дейді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген жұлдызшы Назарбек Қожамсейіт. «Наурыздың 19-ы мен 22-сі аралығында оңтүстікте күн салқын болады. Бірақ былтырғыдай қолайсыздықтар болмайды. Сондықтан ауыл шаруашылығында жұмыс жасайтын фермерлер егіс жұмыстарын ерте көктемде бастауы қажет. Өйткені сәуір-шілде айларында құрғақшылық болады», дейді ширек ғасырдан астам уақыттан бері ауа райын болжаумен айналысып келе жатқан жұлдызшы Назарбек Қожамсейіт. Өткен жылы күздік егуді ұсынған жұлдызшының айтуынша, биыл ол диқандар бұдан ұтады деп санайды. Оның пайымдауынша, сиыр жылы елімізде көктем ерте де, кеш те емес өз уақытында келеді. Тек солтүстік облыстарда егін салар кезде күн салқын болып, Ресейдің Омбы, Түмен облыстарымен шектесетін жерлерде жаңбыр жауып, қар түседі. Жаздың бірінші жартысында құрғақшылық болып, ылғал жетіспейді. Сондай-ақ күзде жаңбырлы күндер көп болады.