Биыл шет елдердегі қандастарымыз сақтап жүрген жәдігерлер зерттеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы шет елдердегі қандастарымыз сақтап жүрген жәдігерлер зерттеледі. Бұл туралы бүгін Қазақстандық ұлттық гоеграфиялық қоғамының «Ш. Уәлихановтың керуен жолымен» экспедициясының жетекшісі, Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Орденбек Мазбаев мәлім етті.
«Шет елдердегі қандастарымыздың қолындағы жәдігерлер біздерді таңғалдыруда және қызықтырады. Биылғы жазда Еуразия ұлттық университетінің мерейтойына арналған экспедициялық бағдарды ұйымдастырмақпыз. Осы орайда көршілес Қытай, Ресей және Моңғолия жеріндегі қазақтардың этнографиясын, салт-дәстүрі, мәдениеті туралы мәліметтер жинап келмекшіміз»,-деді О. Мазбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Бұл тұрғыда ғалым бұл экспедицияға қатысуға ниеттілерді қабылдауға дайын екенін жеткізді.
«Осы экспедициядан басқа біздер Орталық Азия елдеріне бағдарларды белгілеп отырмыз. Сондықтан 2016 жылы бірнеше экспедициялар жоспарланып отыр және соның нәтижесінде құнды материалдар мен жәдігерлерді міндетті түрде жариялайтын боламыз»,-деді ол.