Биыл ШҚО-ның 8 елді мекеніне газ тартылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Шығыс Қазақстан облысныдағы 8 елді мекенге газ тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасының жобасында айтылған.

Бағдарлама жобасында 2023 жылы өңірдің 8 ауылына гар тартылатыны айтылған. Бұл ақша Зайсан ауданының Дайыр, Көкжыра, Қуаныш, Біржан, Сарытерек, Жарсу, Бақасу, Саржыра ауылдарында кент ішіндегі және орам ішіндегі газдандыру желілерін салуға жұмсалуы керек. Бұл мақсатқа 939 млн 950 мың теңге бөлу қарастырылған.

Айта кету керек, былтыр Шығыс Қазақстан облысындағы «Тарбағатай Мұнай» компаниясына Қытайға газ экспорттауға тыйым салынуы мүмкін деген мәлімет тараған болатын.

Кейін сол кездегі Энергетика министрі Болат Ақшолақов Зайсандағы газды экспорттау мәселесі туралы арнайы комиссия құрылатынын айтқан.

Сондай-ақ, экс-министр өңірдің басқа аумағына газ жеткізу үшін кемінде 5 жыл керек екенін айтқан.


Соңғы жаңалықтар
telegram