Биыл ШҚО-ның мониторингтік топтары 20 мыңнан астам рейд жүргізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов өңірдегі вакциналау жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың ақпан айынан бастап облыста халықты КВИ-ге қарсы вакциналау басталды. Вакциналауға жататын халықтың 91 пайызы екпенің 1 компонентін алды, ал вакциналауды аяқтағандар – 73 пайызды құрады» - деді Шәкәрім Бұқтұғұтов.

Оның айтуынша, 2021 жылғы 21 қыркүйектегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында «ASHYQ» жобасына 8459 субъект қатысып жатыр. Оның ішінде ресми қатысушылар - 8071, тестілеу объектілері – 388. Ал 71 нысында шектеу іс-шараларының бұзылуы анықталды.

«Шығыс Қазақстан облысының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин кезеңінде қызметін жүзеге асыратын объектілердің санитарлық-эпидемияға қарсы режимді сақтауын бақылау үшін мониторингтік топтар құрылды. Бүгінгі күні облыс бойынша 200 мониторингтік топ жұмыс істейді. 2021 жылғы 1 қаңтардан 21 қыркүйекке дейін Шығыс Қазақстан облысының мониторингтік топтары 20 700 рейд жүргізді, 59780 объекті тексеріліп, 5310 нысанда талаптарды бұзу анықталды. 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 21 қыркүйегіне дейін 2761 рейд жүргізілді, 9464 объект тексерулермен қамтылып, оның 237-інен ереже бұзу фактілері анықталды», - деді Шәкәрім Бұқтұғұтов.


Соңғы жаңалықтар
telegram