Биыл «Спорт күні» кәсіби мерекесіне 2 миллион қазақстандық қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» ҚР Президентінің 2003 жылғы 15 қарашадағы № 1226 Жарлығымен тамыз айының үшінші жексенбісі, «Спорт күні» кәсіби мереке болып бекітілді.
None
None

Осыған орай 2015 жылы тамыз айында республиканың көлемінде облыстардың әр ауданында 400-ден астам ірі спорттық іс-шаралар өткізіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және мпорт министрлігінің баспасөз орталығы хабарлады.

Іс-шараларды өткізудің басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Оларға 2 000 000 жуық адам қатысады деп жоспарлануда. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған спорт айлығына балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер де қатыса алады.

Аталған шара Астана қаласында тамыздың 16 күні өткізбек. Ал Алматы қаласында іс-шаралар 15-16 тамыз күндеріне жоспарланған. Республикамыздың барлық аймағын қамтитын «Спорт күні» кәсіби мерекесіне арналған іс-шаралар кейбір облыстарда бүгін басталып кетті. Мерекелік додалар 28 тамызға дейін жалғасады.

Күнсұлтан Отарбай

Соңғы жаңалықтар