Биыл спортшыларымызды қандай жарыстар күтіп тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жыл Рио-де-Жанейро олимпиадасындағы жарқын жетістіктермен есте қалғаны анық. Өзге де әлемдік деңгейде өткен байрақты бәсекелерде спортшыларымыз ел абыройын биіктен көрсете білді.
Енді ғана табалдырығымыздан аттаған тауық жылы Алматы төрінде өтетін XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарымен басталады. Енді 2017 жылы Қазақстанда өтетін негізгі республикалық және халықаралық спорт жарыстарын оқырман назарына ұсынамыз.
28 қаңтар - 8 ақпан аралығында Алматы. XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары,
19 мамыр - 1 маусым аралығында Өскеменде Волейболдан әйелдердің клубтық командалары арасындағы Азия чемпионаты,
14 -18 маусым аралығында Бурабайда триатлоннан Азия кубогы,
24 - 25 маусым аралығында Алматыда жеңіл атлетикадан «Ғұсман Қосановтың XXVII мемориалы» халықаралық жарысы.
24 -28 маусым аралығында Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты,
25 маусым - 6 шілде аралығында Астанада шахматтан «Астана ЭКСПО-2017» супертурнирі,
1 - 2 шілде күндері Астанада каратэ шинкиокушинкайдан әлем чемпионаты.
10 - 17 шілде аралығында Астанада каратэ-додан Азия чемпионаты.
10 - 17 шілде аралығында Алматыда Волейболдан екінші топ әйелдер командалары арасындағы әлем Гран-приінің екінші кезеңі.
20 - 24 шілде аралығында Астанада белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты.
24 - 30 шілде аралығында Астанада теннистен Қазақстан Президентінің кубогы үшін жарыс (Челленджер).
Тамыз. Астанада футболдан «ЭКСПО-2017» Қазақстан Президентінің кубогы үшін халықаралық турнир.
3 - 13 тамыз аралығында Астанада компакт-спортингтен әлем чемпионаты.
17 - 20 тамыз аралығында Астанада қазақ күресінен VII әлем чемпионаты.
20 - 28 тамыз аралығында Астанада көкпардан әлем чемпионаты.
26 - 27 тамыз аралығында Астанада қазақ күресінен «Әлем барысы» халықаралық турнирі.
31 тамыз - 9 қыркүйек аралығында Астанада Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 55 жылдығына арналған жыл сайынғы конференциясы.
1 - 4 қыркүйек аралығында Астанада жауынгерлік аралас жекпе-жектен (ММА) әлем чемпионаты.
2 - 9 қыркүйек аралығында Астанада тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты.
29 қыркүйек - 9 қазан аралығында Алматыда Волейболдан әйелдер командалары арасындағы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің екінші раунды.
24 - 28 қазан аралығында Шымкентте бадминтоннан «Apacs Kazakhstan International Мауior 2017» халықаралық жасөспірімдер арасындағы турнир.
Қараша - желтоқсан. Алматы, Риддер. IV қысқы республикалық спартакиада ойындары өтеді.