Биыл сыртқы нарықта тек сапалы астыққа ғана сұраныс болмақ - А. Күрішбаев

АСТАНА Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Өткен жылдан қалып қойған астық көлеміне қарағанда, биыл сыртқы нарықта тек сапалы астыққа ғана сұраныс болады. Бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінен кейін журналистерге сұхбат берген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев осы мәселені атап өтті,

Биыл сыртқы нарықта тек сапалы астыққа ғана сұраныс болмақ - А. Күрішбаев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сондықтан биыл протеині төмен астық өндіргендер өз тауарын сату жолында қиыншылықтарға тап болады. Осыған орай Үкімет нарықтық жағдайды ескере отырып, жоғары сапалы астық өнімдерін шығарғандарға мемлекеттік субсидиялар беріп отыр. Соның арқасында сапалы өнім шығару жұмысына жаңаша серпін берілмек», деді А. Күрішбаев.