Биыл тағы 29 мемлекеттік органды «Мемлекеттік органдарға арналған интернет портал» жобасына қосу жоспарланып отыр

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2009 жылы тағы 29 мемлекеттік органды «Мемлекеттік органдарға арналған интернет портал» жобасына қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында айтылған,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекеттік органдардың жұмыстарын жетілдіру мақсатында Агенттік мемлекеттік органдарға арналған интернет портал және электрондық қызмет көрсету порталы бойынша жұмыстарды іске асыруда. «Мемлекеттік органдарға арналған интернет портал» жобасы бизнес үдерістерді қолдауға қызмет көрсетуді, ақпараттық-анықтамалық ресурстарға қол жетімділікті, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық қызмет көрсетуді көздейді. Интернет порталды жетілдіру аясында мекен-жай кітапшасы, анықтамалықтар, валюталар курсы, күнтізбені басқару, ауа райы, жаңалықтар таспасы, пошталық сервистер сынды қызмет түрлері әзірленді. Сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бизнес үдерістері автоматтандырылды. 2009 жылы тағы 29 мемлекеттік органды интернет порталға қосу жоспарланып отыр», делінген баспасөз баянында.
Соңғы жаңалықтар