Биыл Талдықорғанда 300 орындық аурухана ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысындағы денсаулық сақтау басқармасының халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің деңгейін және сапасын арттыру жұмысына қатысты облысы әкімі Амандық Баталов қатысқан отырыс өткізілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөқз қызметі хабарлады.

Осы мәселеге орай облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев баяндама жасады. Оның айтуынша, облыста 829 емдеу-профилактикалық мекеме медициналық қызмет көрсетеді, соның 81 %-і мемлекеттік, 19,9 %-і жекеменшік мекемелер.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде «Нұр-Авиценум» медициналық орталығында Диабет орталығы ашылды.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында Талдықорған қаласында 300 төсектік көпсалалы клиникалық аурухананы ашу жоспарланып отыр.

Б. Өнербаев денсаулық сақтау саласындағы кадр жетіспеушілігі, ана мен бала өліміне жол беру фактілерінің болуы сияқты бірқатар кемшіліктерге тоқталып өтті.

Облыс әкімі А. Баталов медицина саласына жаңашылдық қажеттігін, инновациямен жұмыс істеп, қызмет көрсету сапасы жақсарту керектігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар