Биыл тапсырылатын мектептер мен ауруханалар құрылысына 95 млрд. теңге бөлінбек - Үкімет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары мектеп оқушыларының орын тапшылығы 26 мыңға қысқарды. Бұл туралы бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мәлім етті.

Биыл тапсырылатын мектептер мен ауруханалар құрылысына 95 млрд. теңге бөлінбек - Үкімет басшысы

«Білім саласында 2010 жылдан бері мектептерде оқушы орындарының тапшылығы 26 мыңға қысқарды және апаттық мектептер саны 65-ке азайды», - деді С. Ахметов

Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылы денсаулық сақтау саласында 106 нысанды, 35 балабақшаны, 73 мектеп пен 21 әлеуметтік нысанды тапсыру жоспарланып отыр. Бұған бюджетте 95 миллиард теңге қарастырылған.