Биыл төртінші МӨЗ-дің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде- Б. Сағынтаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысына байланысты мәселені белсенді қарастыруда.
None
None

Бұл туралы бүгін мұнай-газ секторын дамытуға арналған Мәжілістегі парламенттік тыңдауда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Техникалық экономикалық параметрлер айқындалуда, сондай-ақ биыл техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу бағытында жұмыстар жүргізілуде»,-деді ол.

Биылғы наурызда ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев төртінші МӨЗ мәселесімен айналысатын жұмыс тобын құрғандығын хабарлаған болатын. Бұл тұрғыда алдымен зауыттың орналасатын жерін анықтау, оның қуаттылығы мен орташа құнын айқындау шаралары атқарылады. Сонымен қатар зауыттың өнімін өткізетін қандай нарықтар барын бағамдау мақсаты тұр.

Соңғы жаңалықтар