Биыл Түркістан облысында жемқорлыққа жол берген 17 мемлекеттік қызметкер сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық әрекетіне жол берген 17 түркістандық мемлекеттік қызметкер сотталды.
None
None

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Хәкім Көшқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл облыста сыбайлас жемқорлық әрекетіне барған 19 азаматқа қатысты 16 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Одан бөлек біз 70 қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдадық. Сонымен қатар жыл басынан бері Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық әрекетін жасаған 22 адам сотталды. Оның ішінде 17-і мемлекеттік қызметкер, қалған 5-уі құқық қорғау органы қызметкерлері», - деді Хәкім Көшқалиев Antikor Live жобасының тікелей эфирінде.

Одан бөлек, департамент басшысы қарамағындағы қызметкері парақорлық әрекетке барғаны үшін бірнеше тұлғаның жауапқа тартылғанын айтты.

«Сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғам назарындағы басты мәселенің бірі қызметкер пара алған немесе берген жағдайда оның басшысын да қызметтен босату. Осы мәселені кеңінен қарау мақсатында биыл облыста әкімнің және басқа да құзырлы органдардың қатысуымен 2 жиын өтті. Ол жерде басшылармен қатар қызметкерге жауапкершіліктің маңыздылығы түсіндірілді. Биыл Түркістан облысы бойынша 6 тұлға қарамағындағы қызметкері сыбайлас жемқорлық әрекетіне барғаны үшін жауапқа тартылды», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық әрекетінің алдын алып хабарласқан азаматтарға 1,5 млн теңге көлемінде сыйақы берілді.

Сондай-ақ, Х. Көшқалиев аталған облыста қай саланы жемқорлық жайлағанын айтып берді.



Соңғы жаңалықтар