Биыл ҰБТ-ға қатысқан «Алтын белгіден» үміткер 2 мың 845 оқушының 1 мың 550-і білімдерін растай алды
АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Үстіміздегі жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан «Алтын белгіден» үміткер 2 мың 845 түлектің тек 1 мың 550-і немесе 54,4 пайызы ғана өздерінің үздік білімдерін растай алды.
Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ж.Түймебаевтың атап көрсеткеніндей, биыл республика бойынша «Алтын белгіден» үміткер барлығы 2 мың 938 түлек болды, ҰБТ-ны тапсыруға олардың тек 2 мың 845-і ниет білдіріп, 1550-і ғана өз біліктіліктерін дәлелдей алды. Жалпы ҰБТ-ға 132 мың мектеп бітірушінің 106 мың 805-і қатысты. Оның 64 мың 538-і қазақ тілді, 42 мың 267-сі орыс тілді мектептердің түлегі. Тестілеудің нәтижесіне сәйкес республика бойынша орташа балл 74,9-ды құрады. 2008 жылғы көрсеткіш 68,0 балл болды. Облыстар бойынша орташа баллдар: Қостанай ? 82,9 балл, Солтүстік Қазақстан ? 81,5, Батыс Қазақстан ? 80,6, Павлодар ? 79,4, Астана қаласы ? 79,3, Маңғыстау ? 77,6, Ақтөбе ? 77,56, Ақмола ? 75,5, Алматы қаласы ? 74,7, Атырау ? 74,39, Қызылорда ? 73,88, Алматы ? 73,46, Қарағанды ? 72,83, Жамбыл ? 70,91 және Оңтүстік Қазақстан ? 70,75 балл.Министрдің айтуынша, аппеляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияға келіп түскен 1034 (2008 жылы 18 мың 209) өтініштің 603-і - қанағаттандырылмаса, 431-і - оң шешімін тапты.