Биыл үш облыс күнбағыс алқабын ұлғайтты

АСТАНА, ҚазАұпарат - Биыл үш облыс күнбағыс алқабын арттырып жіберген. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысныда мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото:lizagubernii.ru

«Биыл әкімдіктердің дерегі бойынша жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектар болды. Бұл 2022 жылғы деңгейден 68,6 мың гектар көп. Оның ішінде жаздық егіс алқабы – 20,9 млн гектар.

Дәнді дақылдар 15,6 млн га алаңға егілді, егіс толығымен аяқталды.

Майлы дақылдар алаңы бойынша жоспар 3,3 млн гектар болатын. Ол жсопардың 97,4%-ы орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда майлы дақылдар алқабы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 50 мың гектарға, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша 17,4 мың гектарға және Абай облысы бойынша 12,4 мың гектарға ұлғайтылды. Ақтөбе облысында майлы дақылдар алқабы бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмеді. Ал Батыс Қазақстан облысында жоспарланған өсімнің орнына 37,5 мың гектарға қысқарды», - деді Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, биыл қант қызылшасының ауданы 19 мың гектарға дейін жеткізілді.

«Картоп егу толығымен аяқталды, егіс алқабы 6,7 мың гектарға ұлғайтылып, 197,5 мың гектарға жетті, оның 2 мың гектары Солтүстік Қазақстан облысында.

Қант қызылшасының ауданы 19 мың гектарға дейін жеткізілді, бұл 2022 жылғы деңгейден 7,4 мың гектарға көп, егіс аяқталды», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар