Биыл Үшарал-Достық күре жолы толықтай пайдалануға беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Үшарал-Достық күре жолы толықтай пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының мәліметінше, жыл соңына дейін «Үшарал-Достық» күре жолының қалған 90 шақырымын пайдалануға беру көзделген.
«Қазір құрылыс жұмыстарының соңғы сатысы жүзеге асуда», - деп жазды ведомстводан.
Айта кетейік, күре жолдың алғашқы 87 шақырымы 2020-2022 жылдар аралығында қолданысқа берілді.