Биыл утилизацияға қанша көлік қабылданады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ескі көліктерді утилизациялауға арналған бағдарламаның кезекті кезеңі басталды. Алайда үш қалада өткен жылдың квотасы толығымен игерілгендіктен, ескі көліктерді қабылдау шаралары сәл кейінге шегерілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі бағдарламаның операторына сілтеме жасап. 

Биыл утилизацияға қанша көлік қабылданады

Өткен жылы утилизациялау бағдарламасына 10 мың квота бөлінген болатын. Соның 5 665-сі игерілді. Ақтөбе, Қостанай мен Орал қалаларында квота толығымен игерілді. Сондықтан аталған қалаларда ескі көліктерді қабылдау науқанын қаңтардың 25-сі күні бастау жоспарланып отыр. Ал квота игерілмеген басқа аймақтарда бүгіннен бастап утилизациялау бағдарласы қайта жанданды. Жалпы, ағымдағы жылда өткен жылдың квотасының үстіне 40 мың квота қосылады.

Бүгінде ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы аясында электронды кезекке тұру қызметінің енгізілгенін атап өткен жөн. Кезекке 8 800 080 08 65 арқылы, я болмаса, auto.recycle.kz сайтындағы арнайы өтініш толтыру арқылы тұруға болады.

Айта кетейік, бағдарлама аясында 3,5 тоннадан аспайтын жеңіл көліктер қабылданады. Ал утилизациялық төлемнің көлемі автомобильдің теxникалық жағдайына қарай белгіленеді. Толық жиынтығына 150 000 теңге берілсе, істен шыққан көліктер үшін 48 000 теңге төленеді.

Ағымдағы жылы маусымда утилизациялауға жүк көліктерін қабылдау басталады.