Биыл Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің 14 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған

Жиын барысында АӨК мемлекеттік инспекция және ветеринарлық бақылау және қадағалау комиттерінде жемқорлыққа қарсы күрес жұмысының жағдайы талқыланды. Осы жылдың басынан бастап ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің 14 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған, АӨК мемлекеттік инспекция комитеті бойынша аудандық және облыстық аумақтық инспекцияның 10 мемлекеттік қызметкерлеріне қатысты пара алу күдігімен қылмыстық іс қозғалған, оның 6 мемлекеттік қызметкері сотталып әр түрлі жаза өтеу мерзімдеріне кесілді.
Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын өткізу мақсатында жемқорлыққа қарсы тұру әрі алдын алу үшін құқық қорғау органдарымен ықпалдасудың әртүрлі формаларын енгізу мәселелерін пысықтамақ, сондай-ақ рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру түріне өткізу бойынша жұмыстар өз жалғасын таппақ.