Биыл Walt Disney-дің тапқан пайдасы рекордтық деңгейге жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төртінші қаржылық тоқсанда америкалық Walt Disney компаниясының кірісі таяуда шыққан блокбастерлердің есебінен нарықта күтілген табысынан да асып кетті, деп хабарлады Би-би-си.
Есеп бері маусымында компанияның кірісі 12,39 млрд. долларға бағаланып отыр. Ол оның 7 пайызға өскенін көрсетеді. «Галактика сақшылары» және «Малефисента» фильмдері Walt Disney-дің пайдасын шамамен 18 пайызға ұлғайтты. Енді Disney компанияның қаржылық жағдайының жақсаруына байланысты «Ойыншықтар тарихы-4» мультфильмі 2017 жылы-ақ жарыққа шығуы мүмкін екенін айтып отыр. «Осы қаржылық жылдың қорытындысы бойынша бұл компанияның бүкіл тарихындағы ең жоғарғы кіріс жылы болды», - деді компанияның атқарушы директоры Роберт Айгер.