Биыл жалған кәсіпкерлік салдарынан бюджетке 119 млрд. теңге салық түспей қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл жалған кәсіпкерлік салдарынан бюджетке 119 млрд. теңге салық түспей қалды. Бұл туралы бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Профилактикалық жұмыс жане бақылау басқармасынын басшысы Талғат Башаев мәлім етті.

Биыл жалған кәсіпкерлік салдарынан бюджетке 119 млрд. теңге салық түспей қалды

«Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану ықтимал жалған кәсіпорындарды тіркеу сатысында анықтау үшін кешенді алдын алу шараларын әзірлеуге мүмкіндік берді. Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша 1922 жалған кәсіпорын анықталды. Олардың қызметі салдарынан бюджетке 119 млрд. теңге түспей қалды. Тергеу барысында қосылған құн салығы бойынша 944 әлеуетті жалған кәсіпкерлік есептен алынды. Жалған кәсіпорындардың мемлекеттік тіркеуі мен олардың жасаған мәмілелерін жарамсыз деп тану туралы сотқа 343 талап енгізілді. Шығарылған үкім негізінде үш млрд. сомасындағы салық өндіріліп алынды», - деді ол. Оның алға тартқан деректеріне сәйкес, өткен жылдың сәйкес кезеңінде жалған кәсіпкерлік фактісі бойынша мемлекетке 3,7 миллиард теңге сомасында шығын келтіріліп, оның тек 190 миллион теңгесі ғана өндіріліп алынған.