Биыл жалпы егістік көлемі 21,3 миллион гектарды құрайды
АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстандағы 2013 жылға жалпы егіс көлемі 21,3 миллион гектарды құрайды, оның 15,9 млн га дәнді дақылдарға бөлінген, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Облыстардың алдын ала мәліметтері бойынша 2013 жылы ауыл шаруашылық дақылдарын 21,3 миллион гектар алқапқа орналастыру жоспарланған, бұл шамамен 2012 жылдың деңгейімен бірдей», - делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар, жазғы егіс алқабы 18,5 миллион гектар көлемі деңгейінде болжануда, астық егістері 15,9 миллион гектар алқабында орналасады, оның ішінде бидай - 13,1 миллион гектар.
«Бидай алқабының көлемін 2012 жылға қарағанда 329 мың гектарға немесе 2 пайызға қысқарту күтілуде», - деп көрсетілген таратылған баспасөз хабарламасында.
Оған қоса, күріш егіс алқаптары 6 мың гектарға немесе 7 пайызға азайып, бірақ жүгері егіс алқаптары 5 мың гектарға, астық және басқа да жемшөптік дақылдар 22 мың гектарға арттырылған.
«Майлы дақылдарды 2013 жылы 1,8 миллион гектарға, мақта өсімдігін 148 мың гектарға, көкеніс-бақша дақылдары мен картопты 393 мың гектарға, жемшөптік дақылды 3 миллион гектарға орналастыру қарастырылған», - деп хабарлады ведомство.