Биыл Жамбыл облысына тартылған инвестиция көлемі 7,4%-ға өсті - Нұржан Нұржігітов

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Жамбыл облысына 89,1 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 7,4%-ды құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қыметіндегі брифингіде өңір басшысы Нұржан Нұржігітов мәлім етті, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Биылғы жылдың есепті кезеңінде өңірге 89,1 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 7,4%-ды құрады. Жалпы, ағымдағы жылы өңірге 572 млрд теңге инвестиция тартуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 85,4 млрд теңгеге 491 жұмыс орнын құрайтын 21 инвестициялық жоба іске асырылады деп күтілуде», - деді Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов.


Оның сөзінше, 2025 жылға дейін құны 1 трлн 900 млрд теңге болатын 60 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның нәтидесінде 4 мың жұмыс орнын құрылмақ.

«Өңірде бұл жұмыстар жүйеленген. Апта сайын өзімнің төрағалығыммен инвестициялық штаб отырысы өткізіліп тұрады. Осы жұмыстардың нәтижесінде бүгінге дейін өткен 32 штаб отырысында 84, оның ішінде 21-і шетелдік инвестициялық жобалар қаралып, 69 млрд. теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар, өткен айдың 26-27 сәуір күндері «ZHEIF-2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумын өткіздік. Форум аясында отандық компаниялар мен шетелдік инвесторлар арасында - 17, оның ішінде шетелдік 5 ірі компаниямен 700 млн доллар, 12 компаниямен 96,5 млн доллар келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды. Форум шеңберінде бірқатар шетелдік және отандық инвесторлармен кездесіп, электр энергиясы бойынша - 3, инфрақұрылым тарту - 4, жер мәселесі - 5 және газ тарту бойынша 2 жоба оң шешімін тапты», - деп өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады облыс әкімі Нұржан Нұржігітов.


Соңғы жаңалықтар