Биыл жамбылдық түлектердің 70 пайызы ҰБТ тапсырады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен жиында Жамбыл облысы бойынша мектеп түлектерін қорытынды аттестаттау және Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау мәселесі пысықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекованың сөзіне қарағанда, биыл облыс бойынша 8 826 түлек мектеп қабырғасымен қоштасады, олардың 237-сі «Алтын белгіге» және 139-ы үздік аттестатқа үміткер. Түлектер мен олардың ата-аналары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мектеп әкімшілігінің өкілдері, түлектердің сынып жетекшілері, психологтар арнайы семинар-тренингтерде оқытылған.
«Биыл 6 136 түлек ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірді. Олар үш міндетті және екі бейінді пәннен тест тапсырады» ,- деді С. Құрманбекова.