17:45, 17 Наурыз 2017 | GMT +5
Биыл жаз ыстық болады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидрометтің мамандары биылғы жазға қатысты өз болжамдарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жаз ыстық болады деген болжам бар. Әдеттегі нормадан 1-2 градусқа жоғары, сосын жаңбыр аз жаууы әбден мүмкін. Дегенмен, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жауын-шашынды болады. Ал кейбір жерлерде бұршақ түсуі ықтимал», - деді «Қазгидромет» РМК гидрометорталықтың директоры Марина Шмидт Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ол күзде болатын ауа райына да тоқталды. Оның айтуынша, алғашқы айда салқын болады. Әсіресе, республиканың шығысында күн күрт суытуы әбден мүмкін. Алайда қазан айында ауа райы қайта жылынады деген болжам бар.