Биыл жер қойнауын пайдаланушылар кірісі 52 пайызға төмендейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы жер қойнауын пайдаланушылар кірісі 52 пайызға төмендейді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысы барысында еліміздің Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.
None
None

«Бүгінгі күні мүлдем жабылу тәуекелі бар компаниялар жоқ. Мұнай өңдеумен айналысатын қызметкерлердің саны егер 2014 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырар болсақ, 2015 жылдың үшінші тоқсаны есебінде 1141 адамға азайғанын атап өткен орынды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, елімізде 1 мың адам 1 млн. тонна мұнай өндірумен айналысып отыр. Ал қызмет көрсету секторында 3 мың адам жұмыс істейді.

«2015 жылы 2014 жылға қарағанда жер қойнауын пайдаланушылардың жиынтық кірісі мұнай бағасының құлдырауына байланысты 52 пайызға кемиді»,- деді В.Школьник.

Соңғы жаңалықтар