Биыл жерде 40 магнитті дауыл болады деп күтілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Жерде 40-қа жуық магнитті дауыл, соның ішінде жетеуі аса ірі болады деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей ТЖМ хабарлады.
None
None

«2016 жылы 25-40 геомагнитті дауыл болады деп болжанған. Олардың үш-жетеуі ауқымы жағынан ірі және аса ірі болмақ. Жоғары санаттағы дауылдың болу қаупі 10-15%. Геомагнитті белсенділіктің Ap-индексінің орташа жылдық деңгейі 10±3 деңгейінде болуы ықтимал», - деген РФ ТЖМ «Антистихия» орталығының болжамын келтіреді РИА Новости.

Планетаның магнитосферасына Күннен шыққан ұйысқан плазма соғылғанда Жерде магнитті дауыл басталады. Зарядталған бөлшектер геомагнитті ауытқуларды тудырады. Бұл электронды жабдықтағы, радиобайланыстағы және электр желілеріндегі ақаулықтарға соқтыруы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар