Биыл ЖІӨ өсімі қай деңгейде болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, биылғы жылдың екі айының қорытындысы бойынша ЖІӨ динамикасының жылдамдығы инфляция дәлізі шегінде сақталып отыр, ал халықаралық резервтер тұрақты.

Биыл ЖІӨ өсімі қай деңгейде болады

«ЖІӨ өсімі 3,5%-ға дейін (2019 ж. қаңтар-ақпан айлары) артты. Қаңтарда ол 2,9%-ды құрады. Мұндай динамика тауарлар өндірісінің өсімімен, сонымен қатар көрсетілетін қызметтер өсімімен қамтамасыз етілген. Олардың ЖІӨ өсіміне үлесі тиісінше 0,91 п.т. және 2,19 п.т. құрады», - делінген ведомство материалында.

Биыл ЖІӨ өсімі 3,8%-дан кем емес деңгейде болады деп күтіліп отыр.