Биыл ЖКО-дан көз жұмған балалар - негізінен 5-12 жастағылар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан ЖКО туралы деректерге сәйкес, еліміздің жолдарында 10 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болған, онда 15 мыңнан астам адам жарақаттанып, 1341-ге жуығы қаза тапқан. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен хабарланды.
«Зардап шеккендер қатарында балалар бар, осы ретте 2559-ы жарақат алып, 137-сі қаза тапқан. Негізінен олар 5 пен 12 жас аралығындағы балалар. Балалар жарақаттануының бірден-бір себепкері - ол балаларға арналаған 12 жасқа дейінгі жолаушыға қарастырылған ұстап тұру жабдықтарының жоқтығы. Ағымдағы жылы осындай себеппен 490 бала зардап шеккен. Келесі факторы - қауіпсіздік белдігі. Жол қозғалысы ережелерін толықтай сақтағанда кәмелетке толмағандардың жарақаттануын, ал басқа жағдайларда өлімін де болдырмау мүмкін болар еді. Мәселен, ЖКО-ның 326 жағдайында кәмелетке толмағандар қауіпсіздік белдігін таққандықтан, ауыр зардаптарды болдырмауға мүмкіндік туып, денсаулығына жеңіл және орташа жағдайда зиян келді»,-делінген комитет мәліметніде.
Кәмелетке толмағандардың дене жарақатына және өліміне әкеп соққан ең көп ЖКО жағдай- (782 ЖКО) Алматы қаласында орын алған.
Ал апаттылығы аз өңір ретінде Солтүстік Қазақстан облысы тіркеліп отыр, онда 23 жол-көлік оқиғасы болды.
Айта кетейік, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан жол-көлік оқиғаларын ғана есепке алады.