Биыл ЖРВИ-дің 2014 жылға қарағанда төмендегені байқалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарашадағы 43-апта ішіндегі жағдай бойынша әлемнің бес елінде, Әзербайжан, Албания, Болгария, Құрама Королдік (Солтүстік Ирландия) және Өзбекстанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың өсу көрсеткіші артқан. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлап отыр.
None
None

Сондай-ақ, мәлім болғандай, 43-аптада ДДҰ Еуропалық өңіріндегі отыз алты елде тұмаудың төмен белсенділігі сақталуда, шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау нәтижелері бойынша тұмау диагнозы 6 елде зертханалық расталған дейді. Олар Англия, Ирландия, Испания, Финляндия, Франция, Швеция елдері.

Комитеттің мәліметінше республикадағы эпидемиологиялық маусымның басынан бері шамамен 68 мың ЖРВИ жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың негізгі үлесін (72,4%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тұмаумен сырқаттану жағдайы тіркелген жоқ. 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ-дің 1768 жағдайға төмендегені байқалады дейді олар.

Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да респираторлық инфекциялардың алдын алудың бірнеше күрделі емес, қарапайым тәсілдері бар. Бұл - адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу, әсіресе жабық үй-жайларға (кинотеатрлар, балалар ертеңгіліктері), үй-жайларды жиі желдету, иммунды жақсарту препараттарын (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы) пайдалану, гомеопатиялық препараттар, вирусқа қарсы жақпамайлар, полидәрумендерді қолдану, әсіресе лимондарда, итмұрындарда, анарда көп мөлшерде болатын С дәруменін қолдану.

ЖРВИ мен тұмау - бұл вирустардан туындайтын, тыныс алу жолдарының ең көп таралған аурулары. Олар ауа-тамшылары арқылы науқас адамнан жұқтырылады. Суық тиген кездегі негізгі белгілер: мұрынның бітелуі, тамақтың қышуы, дауыстың қырылдауы, жөтел, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бұлшық еттердің ауыруы және т.б. ЖРВИ мен тұмау балаларды құстыруы, ішін өткізуі (тышқақтау), тыныс алуын қиындатуы мүмкін.

Суық тиген кезде көрсетілетін бастапқы көмек ЖРВИ мен тұмаудың бастапқы белгілері біліне бастаған кезде медициналық көмекке жүгіну керек - үйге дәрігер шақыру керек. Үйде қалып, төсекте жату керек. Сусынды көп ішу керек: лимонмен, балмен, бүлдіргенмен шәй, С дәрумені бар фитошәй,жылы сүт,морс, компот. ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы күндерітиімді алдын алу құралдары вирусқа қарсы күресу дәрілері болып табылады (арбидол, ингавирин, анаферон, лавамакс, интерферон, оксолинмайы,мұрынға тамызатын тұзды ерітінділер (тамшы дәрілер, спрей).

Соңғы жаңалықтар