Биыл жүгері өндіруден рекордтық өнім алынды- Амандық Баталов
«Биыл жүгері шаруашылығында озық технологияны енгізудің нәтижесінде 1453 гектардан 532 мың тонна өнім алынды, бұл соңғы 27 жылдағы рекордтық өнім. Панфилов ауданының фермерлері тамшылатып суғаруды енгізудің арқасында, әр гектардан 120 центнерге дейін өнім алды, бұл орташа облыстық көрсеткіштен 2 есе артық. Жаркент крахмал-сірне зауытының қуаты жаңғыртудан кейін 10 мың тоннадан 135 мың тоннаға ұлғайды, соның арқасында жүгеріні қалдықсыз өңдеу циклі қамтамасыз етілді, бұл өз кезегінде өнімнің 27 түрін шығаруға мүмкіндік берді», - деді облыс әкімі А.Баталов.
Оның айуынша, бүгінгі күні республикадағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 17 % облыстың үлесіне тиесілі. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін барынша пайдалану мақсатында өңірлік бағдарлама әзірленіп, 9 басымды бағыт айқындалды (етті-сүтті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, қызылша-қанты, май, бағбаншылық, картоп шаруашылығы, жылыжай және су шаруашылығы).
«Егістікті әртараптандыру шеңберінде қант қызылшасы (2000 гектарға), жүгері (1453 гектарға), жем-шөп дақылдары (1215 гектарға), көкөніс (707 гектарға) өсіру алаптары ұлғайтылды. Биыл қант қызылшасы 11 мың 200 гектарға себіліп, одан 440 мың тонна қызылша жиналды. Нәтижесінде өнім түсімі 32 % өсті», - деді ол.
Сондай-ақ, аймақ басшысы келешекте тағы екі қант зауытын іске қосу жоспары барын (Қарабұлақ, Алакөл), ол бойынша бүгінде инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтып өтті.
Бұған дейін хабарлағанымыздай биыл облыста 32 мың жұмыс орны ашылды.