Биыл жылдық инфляция дәлізі көтеріледі - ҚР Ұлттық банкі төрағасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл жылдық инфляция дәлізі көтеріледі. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрғалығымен өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.
«Ағымдағы жылы инфляцияның жоспарланған 6-8 пайыздық дәлізі көтерілетін сияқты. Қазіргі уақытта, қазан айының соңында инфляция жылдық мәнде 9,4 пайызды құрады», - деді Ұлттық банк төрағасы. Оның атап өтуінше, 2005 жылдың тамызында еліміздегі инфляция деңгейі 5 пайызда төмен болған еді. «Бұл жағдайлардағы біздің қазіргі міндетіміз тұрақты инфляцияны қамтамасыз ету және 2016 жылы оны барынша тезірек 6-8 пайыздық дәлізге келтіру деп санаймыз. Бұл бағытта біз Үкіметпен бағалардың болжамды деңгейіне қайта оралуы үшін зор жұмыстар атқаруды жоспарлап отырмыз», - деді Д.Ақышев.